Ақтауда белгісіз біреулер мысықтың марғауларын төменге лақтырып, өлтірген

Автор: Azattyq Rýhy

Жануардың өлекселерін тұрғындар тауып алған

Фото: Lada.kz

Ақтауда мысықтың марғауларын белгісіз біреулер жоғарыдан төмен қарай лақтырып, өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы жергілікті Lada.kz басылымы жазды.Оқиға 11-ші шағын ауданда болған.

«Тұрғындардың айтуынша, бір марғау үйдің төбесінде, ал екіншісі бетон плиткада жатқан. Адамдар оларды жоғарғы қабаттардан тастады деп болжаймыз», - дейді тұрғындар.

Әзірге істің мән-жайы анықталған жоқ.