Атырауда ер адам алтыншы қабаттан секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол оқиға орнында көз жұмды 

Фото: istockphoto.com

Атырауда жігіт 6-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 2 шілдеде сағат 1.00 шамасында болған.

«30 жастағы жігіт көпқабатты үйдің 6-қабатынан секірді. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.