Ол бір жасар інісін өрттен құтқарған
Ақмола облысы ТЖД-да өрт кезінде қайсарлық танытқан Артур Гаитов марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өрт шыққан кезде ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған соң бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен», - деп жазды ТЖМ.
ТЖ министрінің бұйрығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.