Полиция қызметкерлері баланы іздеп тапты
Оралда 4 жасар бүлдіршін жоғалып, полиция қызметкерлері көп ұзамай баланы тапты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Шілденің 1 күні кешкі 21:20 кезінде 102 операторына 4 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті. Басқа қаладан қыдырып келген отбасы қаланы білмейді екен. Анасы кешқұрым қызын үлкендеу ағасына қалдырып қайтып келсе, баланың жоғын байқаған, - деп хабарлады ПД.
Патрульдік полиция қызметкерлері Тарғын Сәкен мен Жұмабаев Айдос бүлдіршінді басқа көшеде жылап жүрген жерінен тауып, анасына табыстады.