Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәжікстан азаматтары мінген автобустан ақау шыққан

Фото: видеодан скриншот

Бүгін, 1 шілде, Арқалық қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан «Жезқазған-Петропавл» автожолында құтқарушылар күшімен техникалық ақаулы автобустан Тәжікстан Республикасының 70 азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарылғандар Арқалық қаласының автостанциясына жеткізіледі. Автобус жөнделген соң, жүру бағыты бойынша қозғалыс жалғасады. Медициналық көмек қажет емес.