Жетісу облысында туристер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді

Фото: ТЖМ

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 70 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай олар үш жүк көлікпен өзеннен өту кезінде тұрып қалған. Сондай-ақ, туристік топтың құрамында Бурхан-бұлақ сарқырамасынан қайтып келе жатқан 30 адам жағадан екінші жағалауға жеткізілді.

Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.