Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады
Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, Ош облысының Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқынының салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады.
Қырғыз құтқарушыларының күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
«Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда», - делінген хабарламада.
Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесін пысықтауда.