Өрттен зардап шеккендер жоқ
Павлодар облысында өртеніп жатқан үйден газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін түнде Атамекен кентінің жеке тұрғын үйлерінің бірінде жартылай құлаған шатырдың жануы орын алды.
Құтқарушылар өрттен көлемі 27 литр газ баллонын шығарды. ТЖМ күштерімен өрт 90 ш.м. алаңда жойылды.
Өрттен зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.