Ақмола облысында көпқабатты үй өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Ақмола облысында көпқабатты үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өртті жойды.

«Степногорск қаласының кафелерінің бірінде 60 шаршы метр алаңда шатырдың өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында жақын жерде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйге оттың таралуына жол берілмеді, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.