Оның әрекетіне не себеп болғаны белгісіз
Астанадағы полиция уческесінде шалбарын шешіп, тоңқайған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана полиция департаменті ғимаратының бірінде қарияның шалбарын шешіп, жалаңаш жамбасын көрсеткен фотосы әлеуметтік желіде таралды. Суретте көрініп тұрғандай, полиция қызметкері ер адамның денесінде заңсыз заттар бар, жоғын тексермек болады. Ал басына тақия киген қарт адам оған жауап ретінде шалбарын шешіп, жалаңаштанған. Кеңседе тағы да екі әйел полиция қызметкері бар. Оның бірі камералырды тексеріп, монитор алдында теріс қарап отыр.
Астана полиция департаменді қарияның не себепті бұл әрекетке барғанын ашып айтпады, бірақ оның осы әрекеті үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.
«Бұл факт бойынша қарт адам жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК айыппұл салынды», - деп хабарлады Астана полициясы.