28.06.2024, 08:20
Оқиғалар
Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді
Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: depositphotos.com
Абай облысында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. 35 жастағы анықтаушы сол жерде көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.
Жол апаты Аягөз ауданында болды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген екен. Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты.
Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген.
Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды