Австрияда әйел табын сиырдың шабуылынан қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Оның 20 және 23 жастағы қыздары қашып үлгерді

Австрияда әйел табын сиырдың шабуылынан қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

Әйел Австрия Альпісінде сиыр табынының құрбаны болып қайтыс болды. Оқиға оның екі қызына да әсер етті. Бұл туралы Le Figaro газеті жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Оқиға Австриядағы Зальцбург маңында болды. Туған күніне орай анасы екі қызымен және иттерімен бірге табиғатқа серуендеуге шыққан. Сиыр табынының шабуылынан әйел бірден қайтыс болды. Оның 20 және 23 жастағы қыздары қашып үлгерді. Олар ауруханаға тікұшақпен жеткізілді.

«Аналық инстинкті жоғары дамыған сиырлар бұзауларын [қауіп-қатерді көргенде] қорғайды», - деген құтқарушылар иттермен мал маңында серуендеу қаупі туралы ескертті.

Le Figaro басылымының хабарлауынша, 2017 жылы Тиролда досымен және иттерімен бірге жүрген тағы бір австриялық әйел осындай шабуылдан қаза тапты. Үш жыл бұрын сол аймақта табын 45 жастағы немісті таптап өлтірген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.