Құтқару жұмысына гидравликалық құрал пайдаланылды
Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон құрылымымен басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр жабынды көтеріп, ер адамды абайлап шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.