Өрттің шығу себебі анықталуда
Елордалық құтқарушылар өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының 4-қабатты тұрғын үйлерінің бірінде кафелердің бірінің сору құбырының оқшаулауында өрт шықты.
«Құтқарушылардың күшімен өрт толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген ведомство хабарламасында.