Кейінгі 6 күнде қайтыс болғандар саны 568 адамға жеткен
Пәкістанда күн өтіп қайтыс болғандар саны артқан, деп хабаралайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасай отырып.
Карачи қаласының мәйітханасына күніне 30-40 адамның денесі жеткізіліп жатыр, кейінгі аптада өліктің саны 568-ге жеткен.
Адамдардың неден қайтыс болғанын нақты айту қиын, дегенмен ауа температурасы 49 °C көтерілгелі өлім-жітім көбейген. Өткен жексенбі мен сәрсенбі аралығында 267 адамға күн өтіп, ауруханаға жүгінген, оның 12-сі қайтыс болған.
Қалада ыстықтан қорғанатын лагерьлер, орталықтар құрылған.
Өткен айда Карачи қаласының Синд ауданында ауа тепературасы рекордтық көрсеткішті көрсетіп, 52,2°C жеткен.
Шекаралас Үндістанның астанасы Дели қаласында мамыр айынан бері аптап ыстық басылмай келеді, ауа температурасы 40°C - 50°C аралығын ұстап тұр.
Сарапшылар ауа-райының осындай экстремалды құбылыстары климат өзгерісіне байланысты қарқын алып, жиілей түскенін айтады.