Көкшетауда шаруашылық құрылыстан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Көкшетау қаласында шаруашылық құрылыстан өрт шықты. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 60 шаршы метр алаңдағы шаруашылық құрылыстың шатыры өртенген.

«Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті ведомстводан.

Сондай-ақ өрттің себебі анықталып жатқаны айтылды.