Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
Павлодарда бірден төрт көлік соқтығысты. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Mark II автокөлігінің жүргізушісі Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Hyundai жүргізушісі «ВАЗ 2115» көлігіне, Chevrolet Nexia автокөлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік апаты салдарынан Hyundai Accent көлігінің жолаушылары медициналық көмекке жүгінген.
Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.