Қызылордада аулада тұрған жеңіл көлік өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Қызылорда қаласында тұрғын үй ауласында тұрған жеңіл авткоөлік өртенді. Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

112 қызметіне шақырту түсіп, оқиға орнына өрт сөндірушілер санаулы минутта жеткен.

Төтеншеліктер қызыл жалынды 16 минутта толықтай сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.