Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: видеодан скриншот

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында тұтанған өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Байқоңыр ауданының аумағында 500 ш.м. алаңда жиналған құрылыс қоқыстарының жануы орын алды. Құтқарушылар өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ.