Меркі аудандық ауруханасы 4,6 млн теңге төлеуден жалтарған

Автор: Azattyq Rýhy

Жамбыл облысында кәсіпкер құқығы қорғалды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында кәсіпкер құқығы қорғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Меркі аудандық орталық ауруханасы мен «Neuro MED» ЖШС-гі арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызмет көрсеру үшін келісімшарт жасалған. Шарт талаптары бойынша қызмет көрсетуші барлық міндеттемелерді толық орындаған. Алайда, оған қарамастан, тапсырыс беруші тарапынан атқарылған жұмыстың ақысы 4,6 млн теңге төленбеген», - деп хабарлады прокуратура.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде көрсетілген сома «Neuro MED» ЖШС пайдасына төленді.