Сейфте 500 мың теңге болған
Ақмола облысында қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлағандар ұсталды , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыс 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айтуы бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған.
Компания басшысы кәсіпорынның сейфін ұрлап кеткен қаскүнемдерді ұстағаны үшін полицейлерге алғысын білдірді.