Олар өздерінің заңсыз әрекеттерімен қоршаған ортаға зиян келтірді
Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, кеншілер 4 металл іздегіш пайдаланды. Кейін олар тәркіленді.
Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауынан заңсыз металл өндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіргендері анықталды.