Өзін кездейсоқ атып жіберді: реанимацияда жатқан полицейдің жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшысы бар болғаны 21 жаста  

Фото: istockphoto.com

24 маусым күні таңертең БҚО полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. Дәрігерлер оған ота жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген. Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды.

2003 жылы туған полиция қызметкері шұғыл түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл операция жасалды.

«Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.