Саяхатшы дін аман
34 жастағы америкалық Лукас Макклиш Калифорниядағы Санта-Круз орманында жоғалып кетті. 11 маусымда пикникке шыққан ол адасып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лукас ну орманда шамамен 10 күн жүрген. Ол жабайы жидектерді жеп, суды етігімен ішкен. Саяхатшының айтуынша, оны, тіпті, тау арыстаны қуған.
Арада 10 тәулік өткенде ер адам сарқыраманың жанынан ұшқышсыз ұшақтың көмегімен табылды. Ол дін аман.