Өзін кездейсоқ атып жіберді: Батыс Қазақстанда полицей реанимацияға жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға БҚО ПД ғимаратында болған 

Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстанда табельдік қарудан оқ жарақатын алған полицей реанимацияға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген. Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді:

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері реанимацияда. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген ақпаратта.