Ақтауда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ күштерімен 40 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақтау қаласының құтқарушылары шомылу кезінде ағыспен батып бара жатқан 1984 жылы туған ер адамды жағаға шығарды. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп жазды ТЖМ.

ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.