Степногорскте пәтерге қамалып қалған бойжеткен терезеден секірген

Автор: Azattyq Rýhy

Оған құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді

Фото: t.me/qr_tjm

Ақмола облысындағы Степногорск қаласында пәтерде қамалып қалған бойжеткен үйден шығу үшін терезеден секірген. Салдарынан бойжеткен аяғын жарақаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Степногорск қаласында қыз пәтерде қамалып қалып, терезеден шықпақшы болған. Ол үйдің кіреберісінің шатырына секіріп, аяғын жарақаттап алған.

Оған құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқарушылар оны төменге түсірген. Бұл әрекеттің себебін қалалық полиция басқармасы анықтап жатыр.