Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, елордалық ТЖД мамандары Алматы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан өртті сөндірді.

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қоңырау түскен сәттен бастап өрт 20 минут ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада «Хан шатыр» сауда үйінің жанындағы көпқабатты үй өртенген болатын.