Қостанай облысында тұрғын үйдегі балкон өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балкон жанған.

«Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында 17 минуттың ішінде өрт ауызықталды. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтарға өрт кезінде «101» және «112» нөмірі бойынша хабарлауға кеңес берді.