Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан дәмханадан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталуда

Бейнеден кадр

Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін болған. Елордалық құтқарушылар өрт кезінде бір оттегі баллонын сыртқа алып шықты.

«Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген ТЖМ хабарламасында.