Қостанай облысында өзенге ағып кеткен екінші қыздың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген

Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында өзенге батып кеткен 16 жастағы екінші қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болғанын хабарлайды. 2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген.  

Кеше құтқарушылар бір қыздың денесін алып шыққан еді.