Құтқару операциясы екі сағатқа созылды
Ер адам Бурабай курортының ең биік тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келген бойда Қарағандыдан келген туристтің Көкшетау тауының шыңына шыққаны анықталды. Оған өздігінен түсуге құтқарушылар көмектесті», - делінген хабардамада.
Шамамен екі сағатқа созылған құтқару операциясы қауіпсіз өтті.
Құтқарылған азамат дін аман.