Алматыда үш мопед ұрысы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар ұрланған мопедтерді сатпақ болған

Фото: istockphoto.com

Алматыда үш ер адам заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалған көліктерді анықтап, оларды ұрлап кетіп, жасырып қойған. Кейін қайта сатуды жоспарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдіктілер ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.