Талдықорғанда жоғалған бала табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Балақайдың анасы Ұлттық Ұлан сарбаздарынан көмек сұраған

Фото: polisia.kz

Талдықорғанда жоғалған бала жарты сағаттан соң табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Талдықорған қаласының Жастар спорт кешенінің маңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне белгісіз азаматша жоғалған баласын табуға көмек сұрап келді.​ Ұландық сарбаздар азаматшадан қысқаша мәлімет алып, әскери жасақ кезекшісіне баяндап, дереу іздеуге кіріседі. Шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әскери жасақ кезекшісі капитан Дайыр Әбукенов, әскери жасақ бастығы қатардағы Әсет Жаңабай және патрульдеуші сақшылар Рамазан Серікбай мен Әлихан Аманжол жоғалған баланы жарты сағат көлемінде тапты», - делінген полиция хабарламасында.

Бүлдіршінімен қауышқан қуанышты ана сарбаздарға алғысын білдіріп, 5514 әскери бөлім командирінің атына хат жолдады.