Күдіктілер қамауға алынды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тоннаны құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді», - делінген ақпаратта.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды.