Қылмыстық іс қозғалды
Қазақстанда Өзбекстаннан келген жиендерін зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bolalar_ombudsmani-не сілтеме жасап.
Өзбекстандық екі қыз (12 және 17 жаста) ата-анасының қайтыс болуына байланысты осы елде жақын туыстары болғанына қарамастан, Қазақстанда тұратын ағасының қамқорлығына алынған.
Ер адам жиендеріне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды. Ол ұсталды, қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қыздарды Өзбекстанға қайтару бойынша шаралар қабылдануда.