Каспий теңізінде екі адам суға батып кете жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамдардың жағдайы тұрақты

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында екі ер адам теңізге батып кете жаздап, төтеншеліктердің көмегімен жағаға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін 2000 жылы туылған Ақтөбе облысының екі тұрғыны sup board пен сырғанауға теңізге барған. Ағын жастарды теңізге алып кетіп, қауіпті жағдай туындады», - делінген хабарламада.

Агитациялық- профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ТЖМ жедел құтқару - жасағының құтқарушылары жағалаудан 1500 метр жерде «Солдат» жағажайы аумағында көмек сұраған адамдарды көрген.

Олар қайықпен жағалауға жеткізілді.

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмек қажет болмады.