$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2024, 10:01
Оқиғалар

Түркістан облысының интернеті үшін пара алған әкімдік қызметкері өліп қалған

Жемқорлық ісінде төрт адам фигурант атанған

Түркістан облысының интернеті үшін пара алған әкімдік қызметкері өліп қалған
видеодан скриншот

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мырзасейітовке, осы басқарманың бөлім басшысы Жолсейітовке және кәсіпкер Исаковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың мәліметіне сүйенсек, бұл үш тұлға 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру жөніндегі қызметтерге қатысты мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасқан. Сонымен қатар, сол келісімшарттар бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қою үшін бірнеше рет 14,6 млн теңге көлемінде пара алған және пара берген. Ал, Жолсейітов бұл қылмыстардан басқа, пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін кінәлі деп танылды.


«Жолсейітов Төлеби ауданының Цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымына ауысқаннан кейін осындай әрекеттерді орындағаны үшін жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға беремін деген сылтаумен Исаковтың 903 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды», - деп хабарлайды Антикор.

Бұл істе тағы бір фигурант болған. Ол –  Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы – А.Мәулен. Ол конкурстың жеңімпазын анықтағаны және ауданның ауылдық округтеріне IT-қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасағаны үшін Исаковтан 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Алайда, іс барысында көз жұмғандықтан, оған қатысты тергеу тоқтаған.
 

«Сот үкімімен Мырзасейітовке 8 жыл, Ысқақовқа - 7 жыл, Жолсейітовке - 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлайды Антикор.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары