Ақмола облысында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды

Фото: istockphoto.com

Оқиға бүгін Щучинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің аумағында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі дене жарақатын алған бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.

Төтеншеліктер кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Сонымен қатар ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», - делінген хабарламада.