30 жастағы «BMW» автокөлігінің жүргізушісі «ГАЗ-33» автокөлігімен соқтығысқан
Солтүстік Қазақстан облысы Долматово ауылына барар жолда екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Алдын ала анықталғандай, 30 жастағы «BMW» автокөлігінің жүргізушісі «ГАЗ-33» автокөлігімен соқтығысқан.
«BMW» жүргізушісі қалалық ауруханаға жеткізілді. Автокөліктер самандандырылған тұраққа қойылды», — деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізушілердің ішімдік ішпегені анықталды.
«BMW» жүргізушісіне қатысты әкімшілік материал жиналды, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлімі «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруіне, көлік құралдарының немесе басқа мүліктің бүлінуіне әкеп соққан, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан» бойынша іс қозғалды», — делінген хабарламада.