Бұл ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады
Жасөспірім бәстесуден кейін өзенді бір шетінен екінші шетіне жүзуге шешім қабылдап, алайда ол судан өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақытта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарды.
«Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, бірақ сарбаздың жедел әрекетінің арқасында тағы бір өмір құтқарылды», - делінген хабарламада.