Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Атырау қаласы Махамбет көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақжайыққа сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде аталған мекен-жайдағы үйдің бірінші қабатында орналасқан әйелдер аяқ киімі дүкенінің шатыры жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер өрттің пәтерлерге таралуына жол бермей, тілсіз жауды тез арада жойды.
Өрттің ауданы 24 шаршы метрді құрайды, дүкеннің жалпы ауданы 100 шаршы метр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 18 қызметкер, 5 бірлік техника жұмылдырылды.