Автобус ішінде 20 адам болған
Алматы облысының құтқарушылары шетелдік туристерге көмектесті. Өзге ел азаматтары мінген автобус жол бойында құмға батып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қонаев қаласында демалыс аймағының жанында ішінде 20 адам бар автобус құмға батып қалған болатын.
«Олардың барлығы Ұлыбритания мемлекетінен келген туристер еді. Шақыру орнына келген құтқарушылар автокөлікті автожолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмады», - делінген ТЖМ хабарламасында.