Балақай оқиға орнында қайтыс болды
Атырау қаласында 4 жасар бала тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін, 14 маусымда болды.
«Бүгін сағат 9:00 шамасында Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінен 10-қабаттан 4 жастағы ұл құлап кетті. Балақай оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдарын жүргізу жұмыстары басталды.