Ол дер кезінде құтқарылды
Өскеменде 112 қызметіне Понтон көпірінің манында Ертіс өзенінде адам суға батып жатыр деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу қайықпен оқиға орнына келіп, 1979 жылы туылған ер адамды судан қайыққа тартып шығарып алып, жағаға жеткізді. Ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.