Ақмола облысында бір табын жылқы найзағайдан қырылды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Астрахан ауданы Жалтыр ауылында болған

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде найзағай түсіп, қырылып қалған бір табын жылқының видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Наш Костанай» телеграм-арнасы Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр ауылында найзағайдан жылқы табыны қырылып қалғанын жазады. Алдын ала ақпарат бойынша, электр разрядынан 67 бас жылқы қырылған. Бұл оқиға маусым айында болды.

Сарапшылар найзағай кезінде ашық жерлерде жүрмеуді сұрайды.

Видео: t.me/nashkostanay_news