Ол 2,5 млн теңгені қалтасына басқан
Түркістан облысының полицейлері қайтарымсыз несие алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол жәбірленушіден мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала 500 мың теңге ақшасын алған.
«Тексеру барысында күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы бары анықталды. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеге жуық», - деп хабарлады ПД.
Күдікті әйел алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.