Оған қатысты жануарға қатыгездік көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды
Семейде полицейлер итті азаптаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Ер адамға қатысты жануарға қатыгездік көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ақпаратта.