Өрттің шығу себебі анықталуда
Маңғыстау облысында тас жолда жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Бейнеу ауданында республикалық маңыздағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай» тас жолы бойында орын алды.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда өрт шықса, көлікті дереу тоқтатып, сыртқа шығуға кеңес беріледі.