«Терезенің қорғаныс торына қысылып қалған»: Астанада 4 жасар бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала қауіпсіз жерге түсіріліп, ата-анасына берілді

Бейнеден кадр

Астанада тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен қорғаныс торына қысылып қалған 4 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін, 12 маусымда Астанадағы Нұра ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде орын алған.

Құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен пәтердің терезесіне жеткен.

«Бала қауіпсіз жерге түсіріліп, ата-анасына берілді. ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді», - делінген хабарламада.